«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 17 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудандардың және Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.